Top.Mail.Ru
Айгүл ОРЫНБЕК: «ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТУ, ЖЕМҚОР БАСШЫЛАРДАН ҚҰТЫЛУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!»

Айгүл ОРЫНБЕК: «ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТУ, ЖЕМҚОР БАСШЫЛАРДАН ҚҰТЫЛУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!»

Шымкент және Түркістан облысынан ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек ханыммен Түркістан облысындағы және Шымкент мегаполисіндегі бүгінгі әлеуметтік-саяси жағдай, кадр саясатындағы осал тұстар, қоғам белсендісін қолдаушылар мен атқарған жұмыстарының нәтижесі жайында әңгімелестік.

– Айгүл ханым! Біздің өңірдің кейбір ер азаматтары ашық көтере алмайтын маңызды, өзекті мәселелерін өзіңіз назарға алып, оңтайлы шешілуінде аянбай еңбек етіп келесіз. Мұндай міндет нәзік аруға ауыр емес пе?

– Әрине, ауыр. Бұл оңай жол емес. Бірақ нәтиже болған кезде белсенділік күшейеді. Елдің алдында жүрген кейбір ағаларымыз халықтың мұңын емес, әйел адамдардың шүберегімен алысып, уағыз айтып уақыттары болмай жатқан соң, ауыр жүкті арқалауыма тура келіп тұр. Елім, жерім дейтін ер азаматтар көбейсе белімдегі шоқпарды бүгін шешіп берер едім. Бірақ өзіңіз көріп отырғандай ондай ер азаматтарымыз аз болып отыр.

– Түркістан облысында жүргізіліп жатқан кейбір жұмыстарға көңіліңіз толмай жүргенін байқап жүрміз. Осы жөнінде маңызды мәселелерге тоқталсаңыз.

– Ұлттық кеңеске кіргелі жоғары жаққа жергілікті билік дұрыс ақпарат жеткізбейтініне көзім жетті. Біздің өңірде халық өте көп шоғырланғанын өзіңіз жақсы білесіз.Оның ішінде көпшілігі әлеуметтік осал топтарға кіреді. Алайда облысымыздың бас идеологы С.Қалқаманов өңірдің тыныс тіршілігі, халықтың менталитеті, өзекті мәселелері жайлы хабары жоқ адам. Мысалы ретінде, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар оқитын орта арнайы білім ордаларын жекеменшікке сенімгерлік басқаруға беріп жібергенін қылмыс деп ойлаймын. Себебі сенімгерлікке берілген дүние кез келген уақытта банкрот жарияланып, кәсіпкердің қолына өтіп кетуі әбден мүмкін. Ондай болса ертең аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар қайда оқиды?! Осындай оқу орындары азайса, түрмелердің санын көбейтуіміз қажет шығар онда?! Себебі білім азайған жерде, қылмыс көбейеді. Өңіріміздің ішкі саясатын түсінетін адам бұндай қадамға бармас еді. Елбасы жастар жылы аясында «Жас маман» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын. Осы колледждер аталған жобаға қатысып, грант иегері қатарында еді. Сонымен катар  Президент Әкімдігі «Жас маман» грант иегерлерін сенімгерлікке берілмесін деген арнайы тапсырма берген болатын. Оған қарамастан, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов сол жетекшілік жасайтын облыстық Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Р. Асанова, Президент Әкімшілігінің тапсырмасын «Заң емес»деп алға тартып, облыстың алдыңғы қатардағы колледждерін нақты айтқанда Түркістан индустриялды-құрылысы колледж мен Түркістан аграрлық колледжінің Болатбек (Нажиметдинүлы) Алиевтің жеке меншік компанияларына сенімгерлікке берілуі жеке кәсіпкердің пайдасы үшін деп ойлаймын. Осы орайда, аталмыш басқарма басшысы (Жолаев мырза өзінің қарамағындағы бұл колледжге бірде-бір рет ат басын бұрмаған, жағдайымен таныспаған) және оның орынбасары өңірдің өте еңбекқор халқының жағдайын, өздерінің жеке мүддесі мақсатында істерін жабу үшін көп мәселелерді жоғары жақтан жасырады екен. Жолаев мырза, мұндай әрекетсіздігіңіз қылмыспен пара-пар емес пе?! Оңтүстік өңіріне белгілі бұл мырза кезінде істі болған, соны облыс басшылығы біле ма екен?

Негізі базасы мықты емес, өте нашар колледждерді сенімгерлікке берсе жарасады. Дегенмен, жергілікті билік базасы мықты ғимаратты кәсіпкерге беріп қоюы дұрыс емес. Егер ол кәсіпкер мемлекетке, жастарға үлес қосқысы келсе онда ол өзінің кәсіпорынының қасынан колледж тұрғызбай ма? Әрмен қарай амандарды да жұмысқа тарта алады ғой. Неге ол енді мемлекеттің қаржысына көтерілуі керек?! Неге өзі мемлекетке үлес қоспасқа? Алиев бұл жерде «дайын асқа тік қасық» болып отыр. Осындай түсініксіз жағдайлар өз шешімін күтуде. Мен бұл мәселені Ақордаға жеткізіп, заңды шешімін табуына атсалысуға бел будым. Бұдан, әрине, жұртшылық та хабардар. Одан бөлек республикалық БАҚ та бірнеше сыни мақалалар жазып, теледидардан көрсетілді де. Мен ойлаймын алдағы уақытта педагогтардың жан айқайы өз шешімін тауып, колледж мемлекетке қайтарылады. Көпсалалы индустриялды колледжге келе сала колледж ұжымының белсенді басшылары мен сот көрмеген ұстаздар қауымын сергелдеңге салған. Оның желеуі «колледж меншігіндегі дүниені сатып жіберді», – деп нақты фактілер мен дәлелдерге сүйеніп шындықты айтқан колледждің педагог қауымын сотқа тартуы. Осы жерде Президент енгізген «Педагог мәртебесі туралы» заң қайда қалды, сонда? Оларды кім қорғайды? Мұны сотқа жеткізбей шешуге болмас па еді? Қарапайым мұғалімдер қауымына заңгер жалдап, сот табалдырығын тоздыру моральді және материалды шығын емес пе? Осылайша алтын уақыттарын жастарға білім, тәрбие беруге жұмсауы керек ұстаздар, Түркістан индустриялды-құрылыс колледжінің тыныштығы бұзылған 100-ге жуық педагог ұжымы бүгінде Болатбек Алиевтің компаниясын сотқа беруге мәжбүр болып отыр. Қазіргі ел үшін қиын шақта бұл не масқара?

– Мегаполиске оралсақ, қала басшысының кадрлық саясатына қатысты мәселе көтердіңіз. Осы жайында ашық айтсаңыз?

– Қазір қоғамымызда маңызды болып саналатын білім мен денсаулық саласы. Бұлар Шымкенттеде ақсап тұр деп айтса болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққаарналған Жолдауында жастарды қолдау жайлы қадап айтқаны белгілі. Ал, Мұрат Әйтенов мырза білім саласына бір емес екі рет келіп, басшылық жасап,айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмаған «кадрды» қайтадан сол орынғатағайындап отыр. Мемлекет басшысы бізге жаңару керек, жаңа бағыттарға оралып,психологиялық адекватты, жас азаматтарды тартыңыздар деді. Бірақ шыны керек,бұл орайда Әйтенов мырза өзінің жанына дұрыс кадр жинап жатқан жоқ сияқты. Солсебептен Шымкент қаласында кей жұмыстар өкінішке қарай, дұрыс жүргізілмеуде.Қайтадан білім саласы бойынша шағымдар көбейді. Мектеп жетіспеушілік, ақшажинау, балаларды қабылдауда пара беру сынды тізесі шыққан мәселелер қайтакөтерілуде. Кезінде Тажиева ханым білім саласын 10 жылға жуық басқарды десекқателеспейміз. Сол кезеңде де осындай мәселелер болған жоқ деп айта аламыз ба?!Осындай келеңсіздіктерді тамырымен жұлып алатын кез келді ғой. «Баяғы жартас,сол жартас» қалпында қашанға дейін қала береміз? Миллионер қалада білім саласындамытатын, биік белестерге көтеретін кадр тапшы дегенге сенбеймін. Оған халықта сенбейді. Өздеріңіз білесіздер осыдан бір жыл бұрын бізде АқеркеАбылайханқызы басшы болған. Ол кісі ынталандыру жағынан болсын, баланыңболмысын қалыптастыруда болсын қысқа уақытта өте көп жемісті еңбек етті. Солкезде мұғалімдер тарапынан шағым аз түсті. Мектеп аралық сайыстар, жаңа біркөзқарастар, идеялар ашылған еді. Ұстаздарымыз керісінше «Еңбек ері» сияқтыбірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ал қазір мұғалімдерден солбаяғы арыз-шағым қайта түсуде. Колледждер мен мектептер зейнет жасындағыдиректорлармен алға жылжымай келеді. Кейбір колледждің басшылық орындары бостұр. Қабылдау науқаны басталып кетті. Ары қарай жағдай не болмақ? Әлде Тажиева«өз командасын» жасақтауды күтіп отыр ма?!

Келесі мәселе қала аумағына байланысты. Өздеріңіз білесіздер қала мегаполис болғаннан бері бізде жан жақтан жаңа аудандар қосылды, аймақ үлкейді. Қазіргі төрт аудан аздық етуде. Жаңа аудандардың қосылуына байланысты бізге жаңа шағынаудан ашып, ол жерге кадрларды тарту керек. Полиция бөлімшелерін орналастыру керек. Төле би жақтан қосылған жаңа аудан бар. Оған жаңа атау беріп, басқаша атасақ. Себебі әкімдік тарапы да үлгере алмай жатыр. Бірақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Жақында Азат шағынауданына бардым. Ол жерде жерлер заңсыз беріліп кеткен. Енді үйлерді өздерінің атына аудара алмай жүрген халық бір-біріне алданып, оның үстіне ол жерде жарық жоқ, аймақ үлкен болғандықтан оның бәрін бақылау мүмкін емес болып тұр. Әйтенов мырзаның «кеңесшілері» оның бәрін білмейді емес, көріп отыр. Әй, осы кеңесші дегеннен шығады, ол кісі кеңесшіге де жарымай отырған сияқты. Бұрын істі болған, бұрынғы әкімдермен тығыз қарым-қатынаста болған азамат пен азаматшалардан не пайда? Нағыз таланттар мен шынайы патриоттар шетте қалуда. «Тендер» деген саясат жемқорлық ылаңдарына әкеп соқтыруда. Осындай қисынсыз әрекеттерден мегаполисті жаңа қырынан көрсету мүмкін болмай тұр. Бұлардан қашан арыламыз?! Бұл сұрақтың жауабын табу болашақ үшін өте маңызды және кезек күттірмейтін мәселе.

– Шымкент және Түркістан облысынан ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі ретінде қоғамда оң пікірлер қалыптастырып келесіз. Әлеуметтік желілерде мәселелер көтеріп, шешімін де тауып жүрсіз. Бұл еңбегіңізді бағалап, қолдайтындар көп пе?

– Қолдаушыларым өте көп. Олар ең бірінші қарапайым халық. Әсіресе Оңтүстіктің ауылды аймақтарында халық жан айқайын жеткізе алмай жатады. Заң саласынан болсын, білім мәселесі, әкімдік тарапынан болсын өз арыз-шағымдарын керек жерге жеткізе алмайды. Біздің халықтың тағы бір дерті құқықтық сауатсыздықта болып отыр. Тіпті кейбіреулері арыз жаза алмайды. Өзіне тиісті дүниені де талап етуді білмейді. Мысалы 42500 теңгені болсын, өзінің жәрдемақысын болсын ала алмайтындар бар. Маған жазғандардың бәріне жауап беруге тырысамын, дегенмен толық үлгеремін де айта алмаймын. Көбіне ауылды аймақтардағы халықтың үнін билікке жеткізуге тырысамын. Себебі олар «Бізді әкімдікте тыңдамайды, біздің үнімізді Сіз жеткізесіз деп айтады». Қолдаушым халық деп нық сеніммен айта аламын.

– Өз сөзіңізде мәселе атқарушы тараптан екенін айтып өттіңіз. Осы секілді көкейіңізде жүрген тағы қандай түйткілдер мен ел болашағы үшін айтар ұсыныстарыңыз бар?

– Ауылды аймақты көріп жүргеннен кейін ең бірінші ұсынысымды тендер жайлы айтар едім. Қазір бізде көптеген аймақтарда құжат бойынша жұмыстар жүргізіліп қойған, бірақ шынында да тексеріп барсаң ол жерлерден не жолды таппайсың, не газ құбырларын таппайсың. Оның барлығы бір көзден тендер ұтып алғаннан. Осыны доғарса екен. Алысқа бармайық, мегаполистің автокөлік жолдары бүгінде қайта жөнделіп жатыр. Ішінде жағдайы жақсы да, жаман да жолдар кездеседі. Бұл қалай жүріп жатыр? Халықтың айтуынша «бардюрден» де жақсы табыс табуға болады екен. Бізде қазір алдымен «генподрятқа» береді сосын «субподрятқа». Осыны «генподрятқа» ғана беріп «супподрядті» мүлдем алып тастаса. Мысалы, бір компанияның өзінің тиесілі ғана істей алатын жері болады. 10 шақырымды белгілі бір компания жүргізсе әрі қарай екінші компания жүргізеді. Яғни заң талаптарына сай өздерінің нормаларын енгізіп, соны әр компанияға бөліп берсе. Сол кезде бізде жергілікті кәсіпкерлерді де дамытуға көшеміз. Екіншіден «откат» деген бар ғой. Бір компания алады, одан «откатын» беріп екінші компания алады, демек осыны алып тастау арқылы біз жемқорлықтың да алдын аламыз. Осыны біздің жоғары жақтағы билік ескеруі тиіс. Оның уақыты жетті. Осылайша біз ауыл аймақтағы инфроқұрылымның ертерек жасалып, ауылдардың өркендеуіне қол жеткіземіз. Ауыл өркендесе, қала өркендейді. Халықтың әлеуметтік жағдайы арта түсетіні күмәнсіз. Қоғамды өзгерту, жемқор басшылардан құтылу өз қолымызда!

– Осы уақытқа дейін бірқатар тындырымды тірліктер атқарыпсыз. Сол жұмыстардың нәтижесі туралы не айтасыз?

– Негізі, жұмысымның нәтижесі туралы жазып, айта бергенді ұната бермеймін. Жасалған қайырымды істі өзім және көмек алған жан білсе болды деп есептеймін. Ал өзектілеріне тоқталар болсам, Қызылорда қаласында қытай зауытында қазақ жігіттерінің құқығы тапталып жатты. Ол жерде қытайлықтардың айлығы қазақтардан екі есе көп болды. Қазақ жігіттері 80 мыңнан алса, қытайлықтар бір миллионға дейін жалақы алды. Қытай азаматтарының бір күндік асы 4000 тенгеге дейін болса, қазақ жігіттерінікі 900 теңге. Осылайша, құқығы тапталған отандастарымызға көмек бергенім бар. Ол мәселені көтерген соң әрине біраз қазақ жігіттері қудаланды, бірақ нәтижесінде қалған қазақ жұмысшылардың айлығы көтеріліп, мәселе шешілген болатын. Тағы бір ауқымды деп айтатынымыз ол Бадамда қытай зауыты салынбақшы болды. Ол жерде фосфор қалдықтарын өңдеу, яғни адам ағзасына зиянды қалдықтарды өңдейтін зауыт еді. Бадам ауданының тұрғындарымен бірлесіп билікке, жауапты мекемелерге арыз жазып жүріп, соңында ауылдың ортасына зиянды зауыттың салынбауына қол жеткіздік. Бұдан басқа да жағдайлар туралы өкінішке қарай айта алмаймын, себебі жеке бас құпиясын сақтау керек деп есептеймін. Бастысы халық кімнің қалай жұмыс істеп жүргенін біліп отыр. Бағасын да халық береді.

– Салмақты мәселелер аясында сөз қозғап, осы сұхбатқа уақыт тапқаныңызға алғыс айтамыз! Әңгімеге тірек болған түйткілдер тыңдайтын құлаққа жетіп, өз шешімін табады деп үміттенеміз!

Сұхбаттасқан

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

One thought on “Айгүл ОРЫНБЕК: «ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТУ, ЖЕМҚОР БАСШЫЛАРДАН ҚҰТЫЛУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!»

  1. Әп бәрекелді еңбегіңнің жемісін көре беиіңіз оқырмандарыңыз көбейе берсін

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мамандық таңдау - болашақтың жарқын кепілі[:]

Thu Jun 11 , 2020
Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Ал егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Сонда мұның себебі қандай? Бұл сұрақтың жауабын аймағымыздағы белді оқу […]
Top.Mail.Ru