Top.Mail.Ru
Шымкент: Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

Шымкент: Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды.

Төмендегі санаттағы азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады және оларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді.

• Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
• Табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері;
• Оралмандар мен қоныс аударушылар.

Сондай-ақ, «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жұмыссыз және бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

Грантқа өтініш білдіру үшін келесі құжаттар талап етіледі:

1. Өтініш;
2. Жеке куәлік;
3. Бизнес жоспар;
4. Аз қамтылған және көпбалалы болған жағдайда оларды растайтын тиісті құжаттар;

Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, Бәйтереков көшесі, 89.
Байланыс телефондары:

Қаратау ауданы – 87022502769, 87071069790, 87053516076, 87752141188, 87473008802, 87785805054

Еңбекші ауданы – 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028, 87786015874, 87765756000.

Әл-Фараби ауданы – 87761764040, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696, 87752321442.

Абай ауданы – 87752470855, 87028188009, 87760101901, 87025788794, 87786586155, 87752389028.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады[:]

Tue Jun 2 , 2020
Шымкенттік төтенше жағдайлар мамандары судағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталды. Қазірдің өзінде жағалауда ересектерді айтпағанда ата-ана қарауынсыз шомылып жүрген бүлдіршіндер көп. Рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізген Еңбекші ауданы ТЖБ кызметкерлері мен ауданы әкімдігі, учаскелік полиция қызметкерлері бүгін осындай азаматтарға ескертулер жасады. Бадам […]
Top.Mail.Ru