Top.Mail.Ru
Өмірзақ Шөкеев Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралады

Өмірзақ Шөкеев Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйімен танысып шықты. Сапар барысында аймақ басшысы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарын көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Халық саны 1500-ға жуық Өргебас елдімекенінде  тұрғындармен келісімшарт түзіліп, құрылыс жұмыстарына арналған қаражаттары бөлінген. Бүгінгі таңда 133 үй сырылып, іргетасын құю жұмыстарына дайындық жасалуда. Тағы 66 үйдің іргетасы құйылып, 12 үйдің қабырғасы қалануда. 1 үйдің шатыры жабылған.

Ал, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты  Фирдоуси елдімекенінде  274 үйдің аумағы тазартылып, 116 үйдің іргетасы құйылған. 10 үйдің қабырғасы қаланып жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұдан соң Мырзакент  маңында  бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жаңа мөлтек ауданда бүгінде 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Жалпы, 386 үйдің құрылысына 1553 адам жұмылдырылған.  51 үйдің шатыры жабылып, 2 үйдің құрылысы толық аяқталған.  Өмірзақ Естайұлы құрылыс компанияларына құрылысты сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 140 млрд. теңгеге жетті[:]

Mon Jun 22 , 2020
Биылғы жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму қарқыны байқалады. Мәселен, жыл басынан бері тамшылатып суғару әдісі қосымша 1,7 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 19,3 мың гектарға жетіп отыр. Ал жылыжай көлемі 55,02 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 1 168,0 гектарды құрады. Бүгін бұл туралы Кентау қаласы Шаға ауылында өткен […]
Top.Mail.Ru