Top.Mail.Ru
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 140 млрд. теңгеге жетті

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 140 млрд. теңгеге жетті

Биылғы жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму қарқыны байқалады. Мәселен, жыл басынан бері тамшылатып суғару әдісі қосымша 1,7 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 19,3 мың гектарға жетіп отыр. Ал жылыжай көлемі 55,02 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 1 168,0 гектарды құрады. Бүгін бұл туралы Кентау қаласы Шаға ауылында өткен «Егінжай – 2020» атты ауыл шаруашылық облыстық семинар-кеңесінде Түркістан облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлім етті.

Бүгінгі күнге облысымыздағы жылыжайларда жалпы 88,2 мың тонна  өнім өндірілген. Оның 32 мың тоннасы қияр,  55,2 тоннасы қызанақ, 130,7 тоннасы  қырыққабат, 656,8 тоннасы бұрыш.

Бұдан бөлек,  Түркістан облысында бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып келеді.  Бұл іске 127 ауыл округтегі 1668 агроқұрылым жұмыла кірісіп отыр. Нәтижесінде 4,3 мың гектар егістік алқап екінші өнім алуға дайындалуда.

«Бір ғана Шаға ауылдық округінде 177 шаруа қожалық 3 кооперативке біріктірілді. Нәтижесінде  886 гектарға 21 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді.  Оның 733 гектарына күздік бидай,  260 гектарына  жоңышқа,  312 гектарына жүгері дақылдары егілді. Жыл соңына дейін қосымша 1099,0 гектарға  20 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылып, жалпы көлемі 1985 гектарға жеткізіледі», – деді Н.Бадырақов.

Осылайша  Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптасып келеді.  Қазіргі таңда  Түркістан облысында ерте пісетін 245,4 мың тонна көкөніс,  пленка астында егілген яғни ерте пісетін 11  мың тонна бақша,  22,3 мың тонна картоп пен 2 мың тоннаға жуық   жеміс-жидек жиналған.  Бұдан бөлек, 727,2 мың тонна мал азығы дайындалған. Жалпы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 140 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,1 пайызға жетіп отыр. Жыл соңында ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдан 77 млрд.теңгеге артып, 706,0 млрд.теңгені құрайтын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте «Ақылды күнбағыс» жүйесі іске қосылды[:]

Mon Jun 22 , 2020
«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды. «Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, […]
Top.Mail.Ru