Top.Mail.Ru
Бүгін – мемлекеттік қызметші күні

Бүгін – мемлекеттік қызметші күні

Бүгін елімізде жетінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді.

Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 2 067 лауазым бар. 1932 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 541 басшылық лауазымда.

Жыл сайын үздік мемлекеттік қызметкерді анықтау конкурсы ұйымдастырылып отырады. Биылда жалғасын тапқан Республикалық шараға Шымкент қаласынан 3 қызметкер жолдама алған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек “Үздік мемлекеттік қызметші” номинациясына ие болды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістандық азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды[:]

Tue Jun 23 , 2020
Бүгін республика көлемінде «Біз біргеміз» онлайн-форумы және коронавирусқа қарсы күресте қажырлы еңбек етіп келе жатқан азаматтарға «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өткізілді. Ел рухын көтеріп, ел азаматтарына қанат бітірген іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, мазмұнды ой қозғады. «Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім […]
Top.Mail.Ru