Top.Mail.Ru
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мемлекет басшылары және Үкімет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сербтерден Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Милорад Додик, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz] Жаңа денсаулық сақтау министрі тағайындалды[:]

Thu Jun 25 , 2020
А.В. Цойды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы Президент жарлығы шықты. «Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», – делінген онда Еске салсақ, ол үш күн бұрын Үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болды. Ал Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен Мемлекет басшысының Жарлығымен босатылды. Алексей Владимирович Цой 1977 […]
Top.Mail.Ru