Top.Mail.Ru
«ҮЙЛЕСІМ» НОМИНАЦИЯСЫ – «ӘДІЛЕТТЕ»!

«ҮЙЛЕСІМ» НОМИНАЦИЯСЫ – «ӘДІЛЕТТЕ»!

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан айтқандай «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет — жұртқа қызмет етуші; үшінші: газет – халыққа білім таратушы; төртінші: газет — халықтың жоқтаушысы». Қазақ газетінің тарихында ерекше орын қалдырған публицист, ғалым, аудармашының бұл сөзі бүгін де өз салмағын жоғалтқан жоқ.

Тарих демекші, ежелгі Рим империясының патшасы атақты Цезарь газетті (ол кезде үнқағаздар ретінде таралған) билік пен халықтың арасындағы байланыс ретінде алғаш шығарған болса, міне, ХХІ ғасыр өтсе де ол өз орнын жоғалтпаған. Ал қазақ баспасөзінің тарихына келсек, биыл алғашқы басылымға 150 жыл толып отыр. Олай дейтініміз, 1870 жылдың 28 сәуірінде Ташкент қаласында «Түркістан уалаяты газеті» (кейін «Дала уалаятының газеті») алғаш жарық көрген еді. Ал Әлекең (Әлихан Бөкейхан) «Қазақ» газетінің шығуына үлкен ықпал жасаған ұйымдастырушылардың бірі.

Қазіргі таңда елімізде күн сайын жүздеген басылым жарық көруде. Биліктің, үкіметтің, партияның, әр облыс пен қаланың, ауданның, мекеменің өз газеті бар. Солардың ішінен ерекше орын алатын басылымдардың бірі және бірегейі ретінде республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетін айтуға болады. Айына үш рет жарық көретін, еліміздегі түрлі ақпаратты қаз қалпында оқырмандарына жеткізетін, бұқаралық ақпарат айдынында өзіндік орнын қалыптастырған басылым. Биылғы жылдың мамыр айында құрылғанына 10 жыл толды. Газет 2010 жылғы 5 мамырдан бастап «Әділет. БАҚ-Media», «Әділет. Ұлттық апталық», «Әділет. Рухани жаңғыру» атауларымен жарыққа шығып келеді.

Осы он жылдық ғұмыры бар басылымның алғашқы саны жарық көргенде ақ батасын берген, кейін осы газеттің символына айналған қарымды қаламгер Шерхан Мұртазаның сөзімен айтқанда: “Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын” журналистер қауымы қашан да халық пен биліктің арасын жалғайтын көпір болып келеді. Жұртшылықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері уақытпен санаспай алдыңғы қатарда еңбек етуде.

Әрқашан да әділдікті ту еткен басылым 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген “TÚRKІSTAN BAQ – 2020” байқауында бақ сынап, «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті «Үйлесім» номинациясының иегері атанды.

Әрине, қол жеткізген табыс аз емес. Өзінің он жылдық өмірінде көзіқарақты оқырмандарын тауып, елге танылып үлгерген бұл басылымның мақсаты – әділдіктің ақ туын желбіретіп, халқына адал қызмет көрсету. Он жасар баладай елгезектік танытып, ел ішінде болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалардың ортасынан табылып жүрген «Әділеттің» ұжымы – Қуанышбек БОТАБЕККЕ (газеттің негізін қалаушы), Мұратбек ТОҚТАҒАЗИНГЕ (Бас редактор), Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫНА (Редакция алқасының төрағасы), Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВАҒА (Жауапты хатшының міндетін уақытша атқарушы), Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫНА (Ақпараттық қамсыздандыру және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі), редакция алқасына: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК (Алматы), Жауынбек ӘБУОВ (фототілші), Асыл ЖАПАНОВ (Тарату бөлімінің меңгерушісі), Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ (газет дизайнері), Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ (adilet.tv ақпараттық агенттігінің Бас редакторы) алдағы алар асуларыңыз бұдан да биік болсын демекпіз.

Мереке баршамызға құтты болсын!

"TÚRKІSTAN BAQ – 2020" БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында 2020 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "TÚRKІSTAN BAQ – 2020" байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау шартына сәйкес, 23 маусым күні байқауға қатысқан үміткерлер еңбегін екшеген БАҚ кеңесінің мүшелері өзінің шешімін шығарды. Бұл ретте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған "TÚRKІSTAN BAQ – 2020" байқауының қорытындымен таныс болыңыздар. «АЛТЫН ҚАЛАМ» номинациясы – Ерболат Айнабеков, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі. "ТҮРКІСТАН ТЕМІРҚАЗЫҚ" номинациясы – Мақсұт Айтжанов, «Оңтүстік» телеарнасының Түркістан облысы бойынша тілшілер қосынының жетекшісі «ОБЪЕКТИВ» номинациясы – Қайсар Шерім, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фотографы «ТҰРАН САЙЫПҚЫРАНЫ» номинациясы – Жұмабеков Жандос, Хабар24 телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі – "Оңтүстік" телеарнасы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі – «Айғақ» телеарнасы, «ТҮРКІСТАН ЖАНАШЫРЫ» – Владимир Привалов, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі «АЛТЫН КӨПІР» номинациясы- Бейбіт Қазыбеков, Жетісай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы «ЖАҢА АҚПАРАТ» – «Oinet.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы «ҮЙЛЕСІМ» номинациясы – «Әділет: Рухани жаңғыру» газеті.Байқауға қатысқан әріптестерден бөлек, бірқатар журналистер облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Грамотасы, Алғыс хатымен марапатталса, тағы бірқатары облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың Алғыс хатымен, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасарының "Алғыс хатымен және Қоғамдық даму басқармасы басшысының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.Мереке құтты болсын, қаламы қарымды журналистер қауымы!

Опубликовано Қоғамдық Даму Басқармасы Пятница, 26 июня 2020 г.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға орын жеткілікті[:]

Mon Jun 29 , 2020
Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті. – Қазіргі таңда Шымкент қаласында науқастарды емдеу үшін 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, […]
Top.Mail.Ru