Top.Mail.Ru
Түркістан: “Ауадан вирус себіледі” деген жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды

Түркістан: “Ауадан вирус себіледі” деген жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды

Бүгін әлеуметтік желіде “Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар” деген сарында жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты “WhatsАpp” желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы[:]

Thu Jul 2 , 2020
Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады. Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы […]
Top.Mail.Ru