Top.Mail.Ru
Шымкент: №4 қалалық емхана жанынан ашылған күндізгі стационар жүйелі жұмыс істеуде

Шымкент: №4 қалалық емхана жанынан ашылған күндізгі стационар жүйелі жұмыс істеуде

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 маусымнан бастап №4 қалалық емхана жанынан қосымша 3 мекен жайдан 20 орындық күндізгі стационар ашылды.

Олар: Володарский 11-де – 7 орындық, Терешкова 196-да – 8, Терешкова 2-де – 5 төсек орын. Оның ішінде 5-еуі балаларға апналған. Енді осы мекен-жайларға жақын тұрғындар алысқа бармай-ақ жақын жерде емделе алады.

Жұмыс уақыты 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Бұл ашылған күндізгі стационарларға Жедел респираторлы вирусты инфекция(J06.8), пневмония (J18.8) белгілерімен келген науқастар кезексіз қабылдып жатыр.

Қазіргі таңда стационарда 8 дәрігер мен 16 медбике 2 ауысыммен жұмыс істеуде.

Емхана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру ерітінділерімен, жеке басты қорғау құралдарымен, пульсоксиметр және оттегі жастықшалары, баллондармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен үйдегі шақыртуларды кезексіз шұғыл түрде қамтамасыз ету мақсатында стационарға автокөлік бөлінді. Учаскелік дәрігерлер тұрғындардан келіп түскен шақыртуларға баруда және диспансерлік есепте тұратындарға тегін дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуде.

Айта кетейік, 26 маусымнан бері емханада 67 науқас ем алуда, оның ішінде ЖРВИ – 19, пневмония – 48.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте бүгінге дейін 3320 провизорлы орын ашылды[:]

Thu Jul 2 , 2020
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен шаһарда бүгінге дейін барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 3320 провизорлы орын ашылды. Оның ішінде резервтік 450 орындық провизорлы орын 1 шілде күні жеңіл атлетикалық спорт кешенінен дайындалды. Оған қоса қалада 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, науқастарға көмек […]
Top.Mail.Ru