Top.Mail.Ru
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі

Қымбатты отандастар!

Қадірлі достар!

Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елдерін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін.

Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы.

Барлық отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-береке тілеймін!

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте "Аntikor ortalyǵy" сервистік орталығы ашылды[:]

Fri Jul 3 , 2020
Ашықтық, тиімді кері байланыс, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Шымкентте “Аntikor ortalyǵy” сервистік орталығы ашылды. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді. Жаңа сервистік орталықтың салтанатты ашылуына Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев, […]
Top.Mail.Ru