Top.Mail.Ru
Шымкентте қауіпті індеттен 288 азамат жазылып шықты

Шымкентте қауіпті індеттен 288 азамат жазылып шықты

Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты, оның ішінде пневмониядан – 209, КВИ – 47, ОРВИ – 13. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Осы орайда, қауіпті індетпен күресте аянбай тер төгіп жатқан шымкенттік дәрігерлердің еңбегі зор. Мәселен, ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастардың бірі 4 тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, бүгін ол дәрігерлердің тиісті ем-домының арқасында дертінен толық айығып шықты. Қала тұрғыны өз кезегінде ақ халаттыларға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3555-ке жетсе, жазылып шыққандар саны 717 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 48 574.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату іс-әрекеті анықталған[:]

Tue Jul 7 , 2020
Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды. Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер […]
Top.Mail.Ru