Top.Mail.Ru
Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату іс-әрекеті анықталған

Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату іс-әрекеті анықталған

Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.

Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар.

Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар.

Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екені анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ зат ретінде тәркіленді. Оның ішінде, «ЦЕФ 3» – 130 қорап,«Ингавирин» – 80 қорап, «Дексаметазон» – 4 ампула, «Алоэ экстракт инъекция үшін» – 120 қорап, «Методжект» – 480 қорап, «Глюкоза» таблетка – 3120 тақтайша, «Глюкоза» бутыль – 27, Стекловидное тело – 2160, «Парацетамол» – 18 қорап, «Ферсинол» – 2160, «Аскрупин» – 2160 қорап.

Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы тіркелген. Барлық анықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент әкімі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін қатаң қадағалауға алды[:]

Tue Jul 7 , 2020
Қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады. Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС көтерме қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және тиеу кестесі бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді. “Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі […]
Top.Mail.Ru