Top.Mail.Ru
Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысына 500 млн. теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысына 500 млн. теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды

Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстан Республикасынан 500 млн. теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды.

Тиісті дәрілер дәріхана сөрелеріне жақын күндері түседі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып сатылатын болады. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Айта кетейік, облыс бойынша дәрілік заттардың бағаларына бақылау жүргізу мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылған болатын. Бұл топ барлық дәріханаларды тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға жұмыс істейді. Бөлшек сауда желісінде бағаны көтеру бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылатын болады. Егер дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны артырған жағдайда жеке тұлғаларға – 70, лауазымды адамдарға – 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

«Сондай-ақ, карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексерулер (мониторинг) жүргізу алгоритміне сәйкес Түркістан облысы қала, аудандары әкімдігінде мобильді топ жасақталған. Аталған топ дәріханаларды тексеру барысында 12 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамалардың 3-і жергілікті сот органдарына жолданып, 9 нысанға айыппұл салынды», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Атап айтқанда, рұқсат қағазының болмауына байланысты – 1, тіркелмеген дәрілік заттарды сатқаны үшін – 2 іс сотқа өткізіліп, лицензиясыз жұмыс жасағыны үшін – 2, дәрілік заттардың бағасын жоғарылатқаны үшін – 5 және рецептісіз дәрілік заттарды сатқаны үшін – 2 айыппұл салынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Өмірзақ Шөкеев өңірдегі пандемия жағдайы бойынша онлайн брифинг өткізді[:]

Thu Jul 9 , 2020
Құрметті  Түркістандықтар! Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079. Оның ішінде, Түркістан қаласы-602, Кентау қаласы- 415, Сайрам-262, Созақ-155, Төлеби-145, Арыс-127, Сарыағаш-56, Жетісай-54, Отырар-52, Ордабасы-48, Бәйдібек-44, Түлкібас-44, Мақтарал-30, Қазығұрт-20, Келес-18, Шардара-7 жағдай тіркелді.   1 911 адам (9 […]
Top.Mail.Ru