Top.Mail.Ru
Өмірзақ Шөкеев өңірдегі пандемия жағдайы бойынша онлайн брифинг өткізді

Өмірзақ Шөкеев өңірдегі пандемия жағдайы бойынша онлайн брифинг өткізді

Құрметті  Түркістандықтар!

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079.

Оның ішінде, Түркістан қаласы-602, Кентау қаласы- 415, Сайрам-262, Созақ-155, Төлеби-145, Арыс-127, Сарыағаш-56, Жетісай-54, Отырар-52, Ордабасы-48, Бәйдібек-44, Түлкібас-44, Мақтарал-30, Қазығұрт-20, Келес-18, Шардара-7 жағдай тіркелді.  

1 911 адам (9 бала) – стационарлық бақылауда (оның ішінде: инфекциялық стационарда – 196 адам (2 бала), провизорлық стационарда – 1 715 адам (7 бала).

2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша короновирустық инфекциямен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4  пайызды құрады. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны – 795.

(11 адам қайтыс болған).

Бұдан бөлек, пневмония дертін жұқтырғандар саны –5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар – 2933, яғни, 54%. (Пневмония дертінен қайтыс болғандар саны – 46 адам).

Жақындарынан айрылған азаматтарға өзімнің атымнан, облыс жұртшылығы атынан жанұяларына, жақындарына қайғырып, көңіл айтамын.

Облыс бойынша коронавирусқа қарсы дер кезінде қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақты. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда 440 төсек-орын, провизорлық стационарларда 1 891 төсек-орын, карантиндік орталықтарда  980 төсек-орын ұйымдастырылған. Жалпы, ауруханадардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр.

Халқы тығыз орналасқан біздің облыста артық пайда табуды көздеп, қолында бар дүниелердің бағасын аспандатқандар да анықталып, жазаға тартылып жатыр.

Түркістан облысында індеттің алдын алу, науқас адамдардың жазылып шығуы үшін көптеген шаруалар атқарылуда. Барлық жұмыстарды өз қадағалуымда ұстап, сәт сайын бақылап отырмын.

Дәл қазіргі халықтың амандығын қамтамасыз ету, жағдайды тұрақтандыру жұмыстары тікелей Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында. Алдағы аз уақытта біз қиындықтың барлығын артқа тастап, қалыпты өмірімізге қайта ораламыз деп сенемін.

Құрметті журналистер қауымы!

Сөзімді статистика айтып, баяндама жасап емес өздеріңізбен «сұрақ-жауап» форматында өткізгенді құп көрдім. Олай болса, сіздерден сұрақтар болса, мен жауап беруге дайынмын.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді[:]

Fri Jul 10 , 2020
Бейне байланыс режимінде өткен жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және Ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде жыл басынан бері ұлттық экономиканың күрделі жағдайда дамып келе жатқанын атап өтіп, ел экономикасының жалпы […]
Top.Mail.Ru