Top.Mail.Ru
Карантин режимі тағы екі аптаға созылды

Карантин режимі тағы екі аптаға созылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин режимі тағы 2 аптаға созылатынын және мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейтінін хабарлады.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет. Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді», – деп жазды Президент Twitter желісінде.

Еске сала кетейік, Президент 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге карантин енгізген еді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Елтайдағы бес отбасы жаңа баспаналарының кілтін алды[:]

Tue Jul 14 , 2020
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады. Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. […]
Top.Mail.Ru