Top.Mail.Ru
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды adilettv.kz

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деді Сәкен Қалқаманов.

Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестөбе ауылында туған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы «Изобильноей» кеңшерінің 2-бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Ақмола облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Қалалық коммунальдық шаруашылық» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана қалалық коммунальдық шаруашылық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» ЖШС өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және Жер ресурстары басқармасының төрағасы қызметінде болған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.

“Әділет. Рухани жаңғыру” республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газеті мен “adilet.tv” ақапараттық агенттігінің ұжымы марқұмның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан: Ауруханалар мен дәріханалар апта сайын дәрі қорымен толығуда[:]

Thu Jul 16 , 2020
Түркістан облысы мен аудандарда дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалайтын арнайы штаб құрылған. Қазір күнделікті қоймадан дәрілердің ауруханалар мен дәріханаларға үлестіру жұмыстарын, сондай-ақ дәріханаларда сатылу бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас дәрігері Марат Пашимов мәлімдеді. «ҚР […]
Top.Mail.Ru