Top.Mail.Ru
Түркістан облысында тұмау және өкпе қабынуы белгілерімен жедел-жәрдем қызметін шақырту саны азайды

Түркістан облысында тұмау және өкпе қабынуы белгілерімен жедел-жәрдем қызметін шақырту саны азайды

Түркістан облысы бойынша маусым айында медициналық жедел-жәрдем шақырту орталығына орта есеппен 3000- ға жуық қоңырау түскен болатын.Қазіргі таңда өңірде 1800 қоңырау түсуде. Шақыртудың басым бөлігі егде және орта жастағы науқастардың дене қызуы көтерілуі және өкпе қабынуы бойынша. Мәселен, облыс бойынша ЖРВИ-мен 150-ге жуық, пневмониямен 120 және коронавирус инфекциясы белгілерімен 15-ке ға жуық шақырту түсуде.

Облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының Call-орталығына қоңырау шалу кезінде дене қызуы көтерілген және өкпе қабыну ауруымен ауырған немесе Covid 19 бойынша сұрақтарға 1 дәрігерлік, 2 орта буынды кеңес беру қызметі де ұйымдастырылған. Мамандар науқастарға медициналық кеңес беру тұрғысында толық-қанды жұмыс жасауда.

Науқастар жағдайына қарай ауруханаларға шұғыл тасымалданып, ем қабылдауда. Облыстық жедел медициналық жәрдем беру станциясында тәулігіне 124 жедел жәрдем бригадасы ,онын ішінде Түркістан қаласы бойынша 16 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде.

“Шақырту бригадаларында 372 дәрігер және фельдшер мамандары жұмылдырылған. Онын ішінде Түркістан қаласы бойынша 32 дәрігер және фельдшер,16 жүргізуші жұмыс жасайды. Қосымша облысқа қарасты аудан, қала бекеттерінде де тәулік бойы диспетчерлер қызмет көрсетуде. Жедел-жәрдем көліктері қосымша 75 дана өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылған. Бұл індетпен күресте бар күшімізді жұмсап, әр науқастың өміріне араша болуға дайынбыз”, – деді Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

Жедел-жәрдем қызметі басшысының айтуынша, аймақта барлық медицина қызметкерлері қорғаныш киімдерімен және медициналық жәрдемге қарасты бөлімшелер мен бекеттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Докторская диссертация министра образования – подлог и фальсификация?[:]

Wed Jul 22 , 2020
Экс-руководитель департамента министерства образования Казахстана обвиняет главу МОН в подлоге и коррупции. Анар Каирбекова исследовала докторскую диссертацию Асхата Аймагамбетова и пришла к выводу, что этот научный труд, который министр защитил в 2009 году, переделывали и дополняли в 2019-ом. Хотя в тексте защищённой диссертации не разрешается даже менять шрифт! Первый вариант […]
Top.Mail.Ru