Top.Mail.Ru
“Шипа” жобасы бойынша 300 отбасына дәрі-дәрмек жіберілді

“Шипа” жобасы бойынша 300 отбасына дәрі-дәрмек жіберілді

“Шипа” жобасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. “Nur Otan” партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін “Jas Turkistan” еріктілер клубы мен аудандардағы “жасотандықтар” және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде.

“Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында “Өмір” және “Шипа” жобаларын қолға алған болатын. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.

“Jas Otan” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.

“Бүгін ” Шипа” жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, “нұротандық” депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол”,-дейді ол.

“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Тағы 17 спортшы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті[:]

Thu Jul 23 , 2020
2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл […]
Top.Mail.Ru