Top.Mail.Ru
Шымкент: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

Шымкент: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.

Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.

Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген болса, жеке меншік қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.
Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда[:]

Thu Jul 23 , 2020
Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде «Арбат» аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды […]
Top.Mail.Ru