Top.Mail.Ru
Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде «Арбат» аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер мекеме – «АРТ Құрылыс» ЖШС-і. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталмақ.

Айта кетерлігі, биыл аудан орталығы Темірланда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталған мектеп биыл жаңа оқу жылына орай есігін ашады. Биыл 1 ауысыммен оқыту жұмыстары жүретін болады.

Аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл толық пайдалануға берілген нысан – абаттандыру жұмыстары жүрген «Орталық саябақ». Онда Даңқ мемориалы, ауданның құрметті азаматтарының аллеясы, ботаникалық бақ пен спорттық алаңшалар орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 5 гектар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түлкібас ауданында «Игілік» бағдарламасының игілігін көріп жатқандар көп[:]

Thu Jul 23 , 2020
Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. емлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Бүгінгі таңда […]
Top.Mail.Ru