Top.Mail.Ru
Түлкібас ауданында «Игілік» бағдарламасының игілігін көріп жатқандар көп

Түлкібас ауданында «Игілік» бағдарламасының игілігін көріп жатқандар көп

Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен.

емлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 500-700 теңгеден саудалауда. Сондай-ақ, ауданда үй іргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалық жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ауданда осы салаға бейімделген «Таң нұры» саумалмен емдеу орталығы бар. Сауықтыру орталығы – тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамды қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыруды жоспарлап отыр.

Таулы аймақта алма бауын дамыту жылдан жылға қарқын алып келеді. 2020 жылға жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құраған. 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 гектар жерге орналастырылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ. Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы – 8900 тонна.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]42 500 теңге төлемін 1,4 млн-нан астам қазақстандық алды[:]

Thu Jul 23 , 2020
23 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде: […]
Top.Mail.Ru