Top.Mail.Ru
Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.

Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд.теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.

Айта кетейңк, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]“Өзбек ұлтының өкілдері Шорнақ ауылындағы учаскелік полицейге шабуыл жасады”: жалған ақпарат таратқандар анықталды [:]

Fri Jul 24 , 2020
Шорнақ елді-мекеніндегі тұрмыстық жанжалды арандатушылар өз пайдасына жаратып, тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздеп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, арандатушылық белгілерін анықтауда. Осы уақытқа дейін елді дүрліктіруге бағытталған жалған ақпараттар таратушы алты адам анықталды. Арандатушылар құқықбұзушылыққа үндейтін негізсіз және ескі бейнетаспаларды таратып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті “өзбек […]
Top.Mail.Ru