Top.Mail.Ru
“Өзбек ұлтының өкілдері Шорнақ ауылындағы учаскелік полицейге шабуыл жасады”: жалған ақпарат таратқандар анықталды

“Өзбек ұлтының өкілдері Шорнақ ауылындағы учаскелік полицейге шабуыл жасады”: жалған ақпарат таратқандар анықталды

Шорнақ елді-мекеніндегі тұрмыстық жанжалды арандатушылар өз пайдасына жаратып, тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздеп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, арандатушылық белгілерін анықтауда. Осы уақытқа дейін елді дүрліктіруге бағытталған жалған ақпараттар таратушы алты адам анықталды.

Арандатушылар құқықбұзушылыққа үндейтін негізсіз және ескі бейнетаспаларды таратып жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаменті “өзбек ұлтының өкілдері Шорнақ ауылындағы учаскелік полицейге шабуыл жасады” деген ақпараттың жалған екенін және шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Және осындай ақпарат таратушыларға заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы Кентау қаласына жақын орналасқан Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал орын алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы заңбұзушылықтың жолын кесті. Бір топ адам қарсылық танытып, тәртіпке бағынбаса да, полиция қызметкері алған жарақатына қарамастан басбұзарлардың қару қолдануына және қол жұмсауына жол берген жоқ. Тас тиген учаскелік инспектор мен үш тұрғынға сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысы бар төрт адам анықталып, ұсталды. Екі тараптан екі адам сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жанжал болған ертеңіне арандатушылар жақын маңдағы ауыл тұрғындарын шақырып, бұзақылық жасауға үндеген. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Ауыл тұрғындарымен жергілікті әкімшілік өкілдері және облыстың қоғам белсенділері кездесті. Содан соң барып ауылдағы жағдай бірқалыпқа түсті.

Қазіргі таңда ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовты еске алу[:]

Fri Jul 24 , 2020
Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестөбе ауылында туған. Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы «Изобильноей» кеңшерінің 2-бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 1983-2014 жылдары Ақмола облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік […]
Top.Mail.Ru