Top.Mail.Ru
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовты еске алу

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовты еске алу

Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестөбе ауылында туған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы «Изобильноей» кеңшерінің 2-бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Ақмола облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Қалалық коммунальдық шаруашылық» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана қалалық коммунальдық шаруашылық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» ЖШС өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және Жер ресурстары басқармасының төрағасы қызметінде болған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.

“Әділет. Рухани жаңғыру” республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газеті мен “adilet.tv” ақапараттық агенттігінің ұжымы марқұмның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты[:]

Mon Jul 27 , 2020
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады. «Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, […]
Top.Mail.Ru