Top.Mail.Ru
«Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты

«Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

«Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы «Tamasha TV» телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр», – деп жазды ол.

Сондай-ақ министр алдағы уақытта мемлекеттік телеарналар қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау керек екенін айтты.

«Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан ары жандана түсетінін баса айтқымыз келеді», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, «Tamasha TV» телеарнасы 2018 жылдың 3 қыркүйегінен бастап эфирге шығып, хабар тарата бастаған болатын. Телеарнаны «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен басқарып келді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды[:]

Mon Jul 27 , 2020
Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім […]
Top.Mail.Ru