Top.Mail.Ru
Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар.

Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Нұрмахан Жолдасов қайтыс болды[:]

Wed Jul 29 , 2020
Айтулы тұлға, облысқа белгілі қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер, облыстың ат спорты федерациясының президенті  Нұрмахан Жолдасов қайтыс болды Нұрмахан Миятұлы Жолдасов — 1959 жылы 1 шілдеде Шымкент қаласында туған. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Қаржы және несие» факультетін қаржыгер-экономист мамандықтары […]
Top.Mail.Ru