Top.Mail.Ru
Нұрмахан Жолдасов қайтыс болды

Нұрмахан Жолдасов қайтыс болды

Айтулы тұлға, облысқа белгілі қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер, облыстың ат спорты федерациясының президенті  Нұрмахан Жолдасов қайтыс болды

Нұрмахан Миятұлы Жолдасов — 1959 жылы 1 шілдеде Шымкент қаласында туған. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Қаржы және несие» факультетін қаржыгер-экономист мамандықтары бойынша бітірген.

  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1996 жылдан).
  • 1977 жылдан – Шымкент қалалық сүт зауытының механигі.
  • 1978 жылдан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1980 жылдан – Шымкент темірбетон бұйымдары зауытының 3-ші, 5-ші разрядты жұмысшысы.
  • 1981 жылдан – Шымкент қаласы И.В. Мичурин атындағы №36 ОМ мұғалімі.
  • 1982 жылдан – ОҚО Сайрам ауданының Орджоникидзе атындағы №36 ОМ комсомол ұйымының хатшысы.
  • 1990 жылдан – «АвтоВазҚосымшаБөлшек» дүкенінің меңгерушісі (ОҚО, Ленгер қаласы).
  • 1993 жылдан – Шымкент қаласы «Қарабастау» LUK директоры.
  • 1996 жылдан – ОҚО Сайрам ауданы «Қаратөбе» ӨК басқармасының төрағасы.
  • 2001 жылдан – Шымкент қаласы әкімі аппаратының көлікжәне байланыс бөлімінің бастығы.
  • 2002 жылдың наурызынан – Шымкент қаласы Көлік, коммуникация және туризм басқармасының бастығы.
  • 2002 жылдың мамырынан – Шымкент қаласы әкімінің Индустрия, көлік және сауда басқармасының бастығы.
  • 2002 жылдың желтоқсанынан – ОҚО әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2003 жылдан – ОҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары – қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2004 жылдан – ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі.
  • 2006 жылдан – ОҚО Сарыағаш ауданының әкімі.
  • 2007 жылдан – ОҚО Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдың наурызынан бері – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаментінің директоры.
  • ОҚО бойынша Ат спорты федерациясының президенті (1995 жылдан).
  • 2016 жылдан бері ОҚО мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» Партиясы ОҚО филиалы төрағасының  бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Дамудың жаңа көкжиегі», «Халықтың әл-ауқаты артады», «Ресурстарды энергиялық сақтау бойынша атқарылатын шаралар», «Бірінші орында – ТКШ мәселелері», «Телефон арқылы жедел желі», «Қаһармандарға құрмет», «Жеке қалтамен көкпар дамымайды» және тағы басқа көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

“Әділет. Рухани жаңғыру” республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газеті мен “adilet.tv” ақапараттық агенттігінің ұжымы марқұмның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте карантин кезінде қонақүйдің жұмыс істегені анықталды[:]

Wed Jul 29 , 2020
Шымкентте қонақүй кешені карантин талаптарын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандардың карантин режимін сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылған. Бірлескен топ өкілдерінің рейдтік шарасы барысында бірнеше нысанның карантин ережелерін елемегені белгілі болды. «26 шілде күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, Шымкент […]
Top.Mail.Ru