Top.Mail.Ru
Шымкентте карантин кезінде қонақүйдің жұмыс істегені анықталды

Шымкентте карантин кезінде қонақүйдің жұмыс істегені анықталды

Шымкентте қонақүй кешені карантин талаптарын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандардың карантин режимін сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылған. Бірлескен топ өкілдерінің рейдтік шарасы барысында бірнеше нысанның карантин ережелерін елемегені белгілі болды.

«26 шілде күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, Шымкент қаласы Пролетарская көшесі №22 үйде орналасқан «Аль-Таир» қонақүй кешені сағат 22:20 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағаны үшін кафе меңгерушісінен түсініктеме алынды. Сондай-ақ Абай даңғылы, №27 үйде орналасқан «Орбита» қонақүйінің кафесі сағат 21:30 шамасында жұмыс істеп тұрғаны анықталып, нысан әкімшісінен түсініктеме алынды»,- делінген ақпаратта.

Жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша шара қабылдау үшін Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары қызметінен кетті[:]

Wed Jul 29 , 2020
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасары Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Алайда, шаһар басшысының қос бірдей орынбасарының қызметінен босатылу себебін түсіндірген жоқ. «Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы […]
Top.Mail.Ru