Top.Mail.Ru
Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары қызметінен кетті

Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары қызметінен кетті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасары Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Алайда, шаһар басшысының қос бірдей орынбасарының қызметінен босатылу себебін түсіндірген жоқ.

«Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ербол Садыр 2019 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды және 2020 жылдың ақпанынан бастап қала басшысының бірінші орынбасары болды. Ал, Алмасбек Кеңесбекұлы бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында келген болатын.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тоқаев карантин шараларын жеңілдету арқылы 2 аптаға ұзартуды тапсырды[:]

Wed Jul 29 , 2020
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Ақорда. Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның […]
Top.Mail.Ru