Ливандағы жарылыстан 78 адам қайтыс болды

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері шағылды. Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған.

Жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 78, ал жараланғандардың қатары 4 мыңнан асты. Бүгін Ливанда Ұлттық аза тұту күні.

Қазақстанның осы мемлекеттегі консулы Сыпабек Бағланның хабарлауынша, дипмиссия қызметкерлері дін аман.

Қазақтан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жарылыс кезінде басқа да қазақстандықтардың зардап шеккені  жайлы ақпарат анықталып жатыр.

Иорданияның сейсмологтары жойқын жарылыстың күші магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісінің қуатымен бірдей болғанын айтады. Оқиғадан халықаралық әуежай мен Ливан премьер-министрінің штаб пәтері де зақымданған. Ливанның жоғарғы қауіпсіздік кеңесі Бейрут қаласын апатты аймақ деп жариялады. Ел президенті Мишель Аун болса өңірде екі аптаға төтенше жағдай режимін жарияламақ. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында хабарлады.

Ливан үкіметінің болжауынша, жарылыс пиротехника болған қоймада сақталған қауіпті заттардың жарылуынан болған.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Праймериз – халық аманатын сүлесоқ арқалайтындарды шетке ығыстырады[:]

Wed Aug 5 , 2020
Бауырымыз әрі әріптесіміз, «Уақыт» газетінің Бас редакторы Талғат Балтабаев алдағы мәслихат сайлауына түсіп, халық қалаулысы атануға ниет танытуда. Шымкент қаласындағы, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оң шешімдерін табуға ат салысып жүрген әріптесімізді «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакциясы да барынша қолдауға әрқашан дайын. Осы сәтте Т.Балтабаевтың праймеризге қатысты айтылған озық ойын назарларыңзға […]