Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шараларын жүргізді. Шара барысында карантин талаптарын елемей келушілерге қызмет көрсеткен сауна анықталды. Нақтырағы ағымдағы жылдың 5 тамыз күні сағат 21:20 шамасында Шымкент қаласы Самал-2 мөлтек ауданында орналасқан «Престиж» саунасын тексеру барысында саунаның келушілерді қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде 5 азамат болғаны анықталып, аталған жайт бойынша сауна иесінен түсініктеме алынған. Осы бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік белсенділер әкімді кездесуге шақырды[:]

Fri Aug 7 , 2020
Saulet Baitenov есімді фейсбук қолданушысы мегаполис әкіміне ашық хат жазды. Хаттың толық нұсқасы төменде келтірілген. Шымкенттің бір топ тұрғыны қала әкімі Мұрат Әйтеновке хат жолдап, кездесуге шақырдық. Shymkent qalasynyń Ákimdigi Акимат города Шымкента, сіздерге egov.kz арқылы ресми хат та жолдадық. Маусым-шілдедегі коронавирус қырғынында талай жақынымыздан айырылып, тамызға әрең жеттік. Ендігі уайым […]