Шымкенттік белсенділер әкімді кездесуге шақырды

Saulet Baitenov есімді фейсбук қолданушысы мегаполис әкіміне ашық хат жазды. Хаттың толық нұсқасы төменде келтірілген.

Шымкенттің бір топ тұрғыны қала әкімі Мұрат Әйтеновке хат жолдап, кездесуге шақырдық. Shymkent qalasynyń Ákimdigi Акимат города Шымкента, сіздерге egov.kz арқылы ресми хат та жолдадық.

Маусым-шілдедегі коронавирус қырғынында талай жақынымыздан айырылып, тамызға әрең жеттік. Ендігі уайым – келесі COVID-19 толқынына дайындық қалай?

Хат мәтіні 👇👇👇
____________________________________________

Құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 таралуы әлі тоқтамағанын, жыл соңына қарай келесі толқыны болатынын ескертті. Келесі толқын қазіргіден ауыр болатынын болжап отыр. Бірінші толқынның өзінде көптеген азаматтарымыздан айырылып, үлкен проблемамен бетпе-бет келдік. Осыған байланысты, қала азаматтарының денсаулығы мен өміріне бей-жай қарай алмайтын бір топ белсенді тұрғын өзіңізбен кездесіп, пандемиямен күрес жұмыстарының қазіргі жағдайы мен алдағы толқындарға жоспар бойынша кездесу ұйымдастырғымыз келеді. Кездесудің күн тәртібінде мына мәселерді талқылауды жоспарлап отырмыз:

1. Пандемиямен күрес жұмыстарының қазіргі жағдайы: медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, медицина мамандарының саулығы, еңбек етуіне жағдай жасау, жедел жәрдем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханалардың жабдықталуы, төсек орындар саны, көлемі және т.б.

2. Пандемияның келесі толқынына дайындық жұмыстары – болжамдар, түрлі сценарийлерді ескере отырып жасалған жұмыс жоспары, барлық керекті жабдықтар мен орындардың қорын әзірлеу;

3. Карантин жағдайында жеке сектор, бизнес толық дерлік тоқтады. Қанша жұмыс орны тоқтап, азаматтар табыс табу мүмкіндігінен айрылды. Осы жағдайда бизнестің мүлдем жабылып қалмауын, азаматтардың жұмыссыз, табыс көзінсіз қалмауын қамтамасыз ету жоспары. Қала тіршілігін, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары және т.б.
Қаламыздың дайындығы, тұрғындарымыз үшін ықтимал салдарлар бізді алаңдатады. Бұл проблема барлығымызға да қатысты болғандықтан, алдын ала қамданып, жұмыс жоспарын пысықтау керек деп білеміз және қала басшылығының жоспарымен де танысып, кеңескіміз келеді.

Кездесуге қаладағы ең жоғары, жауапты тұлға ретінде сіздің келуіңізді сұраймыз. Кездесу карантин талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады. Отыз адамнан артық қатыспауын, әлеуметтік қашықтық, басқа да талаптардың сақталуы қадағаланады. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысатын тізімі алдын ала хабарланады.

Құрметпен,

“Жарқын Бастау” ҚБ
“Ұлы Дала сұңқарлары” ҚБ
Данияр Алан
Ғалымжан Оразымбет
Айжан Ергешова
Мақсат Елібай
Амангелді Қалыбек (Amangeldi Kalybek)
Берік Сүінбаев (Berik Suinbaev)
Гүлжан Вероцкая (Гульжан Вероцкая)
Жәнібек Нұрыш
Нұрдәулет Тәңірберген (Nurdaulet Tanirbergen)
Сәулет Бәйтенов (Saulet Baitenov)
Әйгерім Жұмағалиева (Айкерим Жумагалиева)
Рустем Ашетаев

Фото белсендінің фейсбук парақшасынан алынды

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда тағы 741 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды[:]

Mon Aug 10 , 2020
Қазақстанда өткен тәулікте 741 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 340 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы – 163/56; Алматы қаласы – 132/61; Шымкент қаласы – 1/1; Ақмола облысы – 42/19; Алматы облысы – 18/15; Атырау облысы – 30/29; Шығыс […]