Беларусьтегі президент сайлауы аяқталды

Беларусьте президенттік сайлау өтті деп есептелді. ТАСС агенттігінің мәліметінше, СТВ телеарнасының тапсырысы бойынша өткізілген экзитпол нәтижесі Александр Лукашенкоға халықтың 71,4% дауыс бергенін көрсеткен. Ал оппозицияның негізгі кандидаты Светлана Тихановская 10,1% дауыс жинаған.

Жалпы, халықтың дауыс беруі үшін Беларусьте барлығы 5 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Шет елдерде 44 сайлау учаскесі ашылды.

Айта кетейік, Беларусьтегі сайлауға бес кандидат қатысты. Олар:  қазіргі президент Александр Лукашенко, Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.

Сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жарияланады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор Қолданылған материалдарға міндетті түрде [:]

Mon Aug 10 , 2020
10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы. Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған […]