Кентауда 120-дан астам көше жөндеуден өткізілуде

Түркістан облысы Кентау қаласында 122 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 11 көшенің құрылысы “Жұмыспен қамту – 2020” және “Жол картасы” бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Ал, 96 көшенің жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылып жатыр. Оның 37-сі ағымдағы, 48 көше орташа жөндеуден өтпек.

Жалпы Кентау қаласындағы бірқатар жолдардың тозығы жетуіне байланысты жауын-шашын күндері көшелерді су басып, тұрғындарға қолайсыз жағдай туындатып жататыны жасырын емес. Осы аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады жауапты мамандар. Жөндеуден өткізіліп жатқан көшелерге суағарлар мен аяқ жолдар салынуда.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2020 – 2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 ішкі орам көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан: Төлеби ауданында ас суын шығаратын цех icке қосылды[:]

Mon Aug 10 , 2020
Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында бүгінде тәулігіне 5 және 10 литрлік құтымен 8 мың дана ас суы дайындалады. Серіктестікте 40 адам […]