ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірінші орынбасарын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы тағайындалды.

Арман Жетпісбай 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев селосында дуниеге келген. Білімі жоғары.

1993 жылы – Қазақ химия-технология институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2002 жылы – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Енбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.

1998-1999 жылдары – «Алаутрансгаз», «Шымкентгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор болып жұмыс атқарған.

1999-2003 жылдары – «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Шымкент филиалы директорының орынбасары, «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк Қырғызстан» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2003-2018 жылдары аралығында «ARNA Корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, «ARNA Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, , «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс атқарған.

2018 жылдан бүгінге дейін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Объектілердің құрылысын жүргізетін компания» корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келді.

Түркістан облысы әкімінінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ[:]

Wed Aug 12 , 2020
«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», – деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында. Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани […]