ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», – деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында.

Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін орнату жүргізілуде. Аймақ басшысы тұрғындарға арналған серуен құратын демалыс орындары мен мәдени ошақтарда жүріп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Қалалық саябақ аумағының инженерлік инфрақұрылым жүйелері 80%-ға аяқталған. Аяқжол тақталары төселіп, субұрқақтар салынған.

Бассейні бар спорттық кешенінің айналасы абаттандырылып, ағаштар отырғызылуда. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысан 1300 орынға лайықталған. Аумағы 11 515 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, шаһарда мемлекет қаржысына ғана емес, шетелдік инвесторлардың қатысуымен де құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 81 КӨШЕ ТОЛЫҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ[:]

Wed Aug 12 , 2020
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық мәжілісте өңірдегі құрылыс қарқыны мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою барысы жайлы айтылды. Мырзакент шағын аудандағы жаңа 386 үйдің 125-де құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Фирдауси мен Өргебас ауылдарында да жаңа баспаналар бой көтерген. Ондағы инфрақұрылымдар жаңартылуда. Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына бекітілген […]