ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 81 КӨШЕ ТОЛЫҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық мәжілісте өңірдегі құрылыс қарқыны мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою барысы жайлы айтылды. Мырзакент шағын аудандағы жаңа 386 үйдің 125-де құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Фирдауси мен Өргебас ауылдарында да жаңа баспаналар бой көтерген. Ондағы инфрақұрылымдар жаңартылуда. Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына бекітілген кестені басшылыққа ала отырып, барлық құрылыс нысандарындағы жұмыстарды жіті бақылауды тапсырды.

Түркістанда биыл пайдалануға берілетін ірі нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Қ.А.Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен абаттандырылуда. Сондай-ақ Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, желілік саябақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасы, сауықтыру кешені, Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту және дендросаябақ нысандары бойынша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде 106,3 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде 70 көшеде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 60 көшеде асфальт төселіп, басым бөлігінде аяқжолдар жүргізілген. Күрделі құрылыс нысандарының аумағында және  оларға іргелес жатқан 11 көше бойынша жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқтау жоспарланған.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЕГІСТІКТЕН СӨРЕГЕ ДЕЙІН» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ [:]

Wed Aug 12 , 2020
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Оңтүстік» АИО өкілдерінің және облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Егістіктен сөреге дейін» пилоттық жобасын талқылауға арналғын кездесу өтті. […]