Түркістан: Ордабасы ауданында кәсіпкерлердің қатары артып келеді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд. 314,9 млн. теңге несие үлестірілді. Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артты.

Жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «КазМикроФинанс», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС, «Төрткүл несие» ШНҰ, «АгроНесиеОрдабасы» ЖШС және «Арнур кередит» несие ұйымы бар.

Айта кетейік, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді[:]

Wed Aug 19 , 2020
Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, төмендегідей көшелерде жұмыстар әлі де жалғасуда: – Еңбекші ауданы Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС […]