Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы «Сапар орталығының» жұмысымен танысты

«Сапар орталығы» биыл іске қосылған өңірдегі маңызы зор нысан.  Қазақстан Президентіне туристік нысандарды бірыңғай электронды билетпен қамту жүйесі, туристерге ұсынылатын маркетингтік ақпарат және аудиогид материалдары жөнінде баяндалды.

Жалпы көлемі 2092 шаршы метр аумақты алып жатқан орталықта 54 адам жұмыс істейді. Олар Түркістанға келген туристерге бағыт-бағдар беріп, қажетті материалдармен қамтып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ хандығы» атты залда орналасқан экспозициялармен танысты. Сонымен қатар Президент қолдан жасалған көне кілемдердің көрмесін аралап көрді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан президенті Арыс қаласындағы әскери полигонға барды[:]

Fri Aug 21 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласындағы №44859 әскери бөліміне барып, оның бүгінгі жағдайымен танысты. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өткен жылғы жарылыстан кейін қоймадағы оқ-дәрілерді кәдеге жарату және оларды тасымалдау жұмыстары жайында баяндады. Сонымен қатар әскери бөлімнің техникалық аймағындағы оқ-дәрілердің қалдығын тазалау, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, бұзылған ғимараттарды қайта қалпына келтіру […]