ШЫМКЕНТТЕ ДІН БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы – заңгер-оқытушы.

Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы лауазымында қызмет атқарған.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайды[:]

Thu Aug 27 , 2020
Шымкент қаласында биылғы жылы құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде 96 нысан құрылысы жүргізілуде. Ондағы нысан құрылысын қазақстандық өніммен қамту үлесі 91 пайызды құрап отыр. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың 56-сы тұрғын үй болса, 15-і инженерлік инфрақұрылым, ал, 16 жоба әлеуметтік нысан және жұмыспен қамту […]