«SHYMKENT» ӘКК» АҚ арқылы 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезден бастап, қалада тұрғын үйге деген сұраныс артқан. Осыны ескерген «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent» ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 26 тұрғын үй құрылысы бойынша 6 келісім-шарт жасаған. Оның ішіндегі 21 үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі екен.
«Тұрғын үйлердің құрылысы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ-ның кредиттік қаражаты есебінен және ӘКК-ның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Корпорация пәтерлерді сату жолымен шамамен 12.8 млрд теңгеге қол жеткізеді, оның 11.8 млрд теңгесін қолданыстағы кредит бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қайтаруы қажет»,-деді Б.Канкин.
Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысы негізінде «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған 24 үй пайдалануға берілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте 65 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда[:]

Thu Aug 27 , 2020
Шымкент қаласында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы 65 инвестициялық жоба жүзеге асырмақ. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден астам 32 жоба жүзеге асырылуда. Ал, құны 287 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба бойынша ӘКК серіктестерімен құжаттар рәсімделуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық -коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent» ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім […]