Келесі жылдан бастап ауыл әкімдерін халық сайлайтын болады

Қазақстан халқына жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап ауыл әкімдерін ауыл халық өзі сайлап алады деп мәлім етті. Оның айтуынша, әділ сайлау үшін онлайн дауыс беру тәсілін пайдалануға болады.

«Егер азаматтардың әл-ауқатын шынымен жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді тартқан жөн. Мысалы, қоғамдық пікірге жасалған сауалнамалар ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл қадамға жан-жақты ойланып, мұндай жүйе қалай жасалатынын білуіміз керек. Бірақ келесі жылы бірқатар ауылдың округ әкімдерінің мерізімі аяқталады. Келесі жылдан бастап, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өтукізуге болады деп санаймын.  Жергілікті билік сайланбалы болуымен қатар, басқару деңгейлері арасындағы құзыретті бөлуін айқындап алуымыз керек», – деген Президент ауыл бюджетінің қайда жұмсалып жатқанына қоғамдық бақылау енгізу керек екенін атап өтті.

«Аймақтарға бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажетттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру мен имиджге жұмсалатын шығындар азаматтардың наразылығын тудырады. Бұл орынды. Сондықтан инфрақұрылымдыққа қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жасалуы керек», – деді Тоқаев.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қаласының даму бағдарламасы жобалық кеңсесінің басқарушы кеңес отырысы өтті[:]

Thu Sep 3 , 2020
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында Жобалық Кеңсенің Басқарушы Кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде жобалық рөлдерді және басшылардың жеке жауапкершілігі мен «Easy Project» кросс-платформасының KPI ақпараттық-тақтасында көрсеткіштер мен жобаларды жаңарту және толықтыру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуы, жобаларды жүзеге асыру сынды мәселелер қаралды. Айта кетейік, […]