Шымкент: Тұлпар көлінің маңында заманауи тұрғын үй бой көтермек

Шымкент қаласындағы Тұлпар көлінің маңында заманауи тұрғын үй орамы бой көтереді.
Жобаның таныстырылымына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Ауданы 500 мың шаршы метртді құрайтын орамның құрылысын отандық «BI Group» компаниясы жүргізеді. Олар озық технологияларды қолдана отырып, комфорт және бизнес санаттағы тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
«Біз әлеуметтік инфрақұрылымға жіті көңіл бөліп отырмыз. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. 6 жыл ішінде 1500 орындық жаңа мектеп пен емхана салынады. Тұрғын үйлердің бірінде балабақша болады. Сондай-ақ, Тұлпар көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланған» – деді компания басшысы Айдын Рахымбаев.
30 гектардан астам аумақты қамтитын жобаның құрылысы 2021 жылдың көктемінде басталады. Ол дендро саябақ, зообақ және “Қазына” этнопаркінің маңайында орналасады.
Бәйдібек би даңғылындағы ипподром қаланың бас жоспарына сәйкес, жаңа орынға көшіріледі. Аталған компания оны өз қаржысы есебінен салады.
Сондай-ақ, нысанды салу кезінде 8500-ден астам жұмыс орны ашылып, оның ішінде 2500-і қызмет көрсету саласында болады. Құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканы жалға алу, жиһаз бен тұрмыстық құралдарды сату белсенді дамиды деп күтілуде.
Инфрақұрылымы жан-жақты дамитын жаңа орам заманауи, әрі экологиялық тұрғыда таза болмақ. Үй қасбеттері еуропалық панельдерден тұрса, тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жобаларды басқарудың жаңа жүйелері мен “Smart Home” ақылды үй қызметін енгізу жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес мұнда демалыс орындары, спорт және балалар алаңшалары, жаяу жүргіншілер, жүгіру және велосипед жолдары салынады. Ал, тұрғын үйлердің бірінші қабаттары коммерциялық үй-жайларға беріледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ОҚМПУ қашықтықтан оқыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда[:]

Fri Sep 4 , 2020
Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың салдары денсаулық саласына ғана емес, сондай-ақ білім саласына да айтарлықтай өзгерістер алып келуде. Біздің елге биылдың көктемінде жеткен індетке байланысты студенттер де, оқушылар да қашықтықтан білім алу жүйесіне көшкені белгілі. Жаңа оқу жылы да осылайша ерекше басталып отыр. Осы орайда ұстаздар ұстаханасы атанған Оңтүстік Қазақсан мемлекеттік университеті […]