Түлкібаста бірқатар спорттық нысандар жөндеуден өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында бірқатар спорттық нысандар жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан құрылған шынығу залының құрылғылары да жаңарды. Сонымен қатар, мұндағы кіші футбол алаңшасы да күрделі жөндеуден өткізіліп бұқаралық спорттың дамуына қолайлы жағдай жасалып отыр. Алаңшаға жарықшамдар орнатылып, газон мен қоршаулары толығымен жаңаланды. Айта кетейік, бұл шаруалар аудан әкімі Нұрлан Байғұттың ықпалымен жүзеге асып отыр.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының бұқаралық спорттың деңгейін 30 пайызға жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде, ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 30,8 пайызға жеткен.

Жалпы ауданда 335 спорт ғимараттары жұмыс істейді. Оның 2-еуі 1500 орынға шақталған стадион, 4-еуі спорттық кешен, 1-еуі атшабар манежі, 8-і мылтық ату тирі, қалғаны жүзу бассейін мен ипподром және спорт алаңшалары.

Ауданда 4 спорт мектебі, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында салынған «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі жұмыс істейді. Қазіргі таңда, осы мекемелерде 3631 оқушы спорттың 17 түрінен шұғылданып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан: Коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде[:]

Wed Sep 9 , 2020
Бүгінгі таңда Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, облыстың барлық медициналық мекемелерінде коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстары бекітіліп, екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Індеттің өршуі орын ала қалған жағдайда медицина қызметкерлері дайын болуы тиіс. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бұл мақсатта жергілікті бюджет пен гуманитарлық көмек арқылы 800-ге жуық отттегі концентраты […]