Шымкенттіктер ең жиі қолданатын отбасылық қызметтер

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 13 қыркүйекке дөп келіп отыр. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынады.

Олар – баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері.

Биылғы жылдың 8 айында Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 6 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 33 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бірретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 7 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.

Шымкент қаласы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен де тапсырыс беруге болады.

Ал мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы ала алады – деді Алтынай Татаева.

Айта кетейік, баланың туылуына байланысты проактивті қызмет Қазақстанда 2017 жылдың соңында іске қосылды. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Соңғы үш жылда 85 мыңнан астам қазақстандық отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.
Тағы бір ақпарат қосып өтсек, жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұп некелерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Топ «семейных» госуслуг для шымкентцев[:]

Fri Sep 11 , 2020
Ежегодно во второе воскресенье сентября Казахстан отмечает День семьи. В этом году праздник пришелся на 13 сентября. В связи с этим в госкорпорации «Правительство для граждан» назвали ТОП самых востребованных «семейных» госуслуг. Ими оказались услуги по регистрации рождения детей, назначение соцвыплат по потере дохода в связи с беременностью и родами […]