Түркістан облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Жылдың суық мезгілі келуімен жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының маусымы басталады. Сондықтан сырқаттардан сақтана білген жөн. Түркістан облысы бойынша 2020 жылға тұмауға қарсы Ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,14%-ын қамту жоспарланып отыр. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына (медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер,жабық мекемелер және т.б.) тегін жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары Елемесов Бақтыораз мәлімдеді.

Оның айтуынша, әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1-ші қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Алғашқы қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын ала қыркүйек айынының 15-нен басталуда.

«Облыс бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 4820 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеліп, былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 11,3%-ға төмендеген. Ауырғандардың ішінде 50,7%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілікке мәлім, әлемді жайлаған коронавирусты індеттің пандемиясы біздің республиканы да айналып өткен жоқ. Мамыр-шілде айларында республика бойынша, оның ішінде біздің облыста да коронавирустық инфекциядан эпидемиологиялық ахуалдың асқынулары орын алды. Болжамдар бойынша күз-қыс айларында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны туындап, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келіп, қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал. Сондықтан республика бойынша тұмаудың профилактикалық және мониторингтеу іс-шаралары алдын-ала пысықталып, қыркүйектен бастап жүргізілетін болып шешілді», – деді Бақтыораз Мизамұлы.

Сондай-ақ, брифингте қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова екпенің маңыздылығына тоқталды.

«Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы – эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы егу. Сонымен қатар облысымызда жұмыс берушілер есебінен мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын егу шаралары қарастырылуда. Одан бөлек азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алып отыр», – деді ол.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мақтаарал ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілуде[:]

Tue Sep 15 , 2020
Түркістан облысы Мырзакент кентіндегі 1976 жылы пайдалануға берілген Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.  Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін […]