Мақтаарал ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілуде

Түркістан облысы Мырзакент кентіндегі 1976 жылы пайдалануға берілген Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. 

Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылатын болады.

Құрылыс сапасын тексерген аудан әкімі Бақыт Асанов кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасап, нысанның құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді[:]

Tue Sep 15 , 2020
Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің  тұсауы кесілді. Ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т. б.   кейіпкерлер туралы сыр шертетін туынды өңірдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілген баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.   Конференцияға деректі […]