«Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің  тұсауы кесілді. Ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т. б.   кейіпкерлер туралы сыр шертетін туынды өңірдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілген баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.  

Конференцияға деректі фильмдердің кейіпкерлері  келестік жыршы, термеші Абылай Бөріханов пен отырарлық тарихи суретші Әділхан Мәлік қатысып, халқымыздың сан ғасырлар бoйы атадан балаға мирас болып жеткен рухани және мәдени құндылықтар туралы сөз өрбітті.

Жиында, сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасына бағытталған Түркістан облысындағы әр ауданның табиғаты мен киелі мекендеріне қысқаша саяхатқа шақыратын «Туған ел» әніне облыс, аудан, қала әншілерінің орындауында  түсірілген  клиптің тұсауы кесілді. 

Конференцияда белгілі сазгер Бекжігіт Сердәлінің 60 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған «Неге, неге» әніне Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қазақстанның жас әншілерінің қатысуымен түсірілген бейнеклиптің де тұсауы кесілді. Сазгер туындыға оң бағасын беріп, әсем әуеннің жаңа форматта әзірленіп, орындалуына таңқалғанын жасырмады. 

Жалпы жобаның режиссері Мейіржан Алиакбаров бұл дүниелердің қазақ музыкасын, мәдениетін насихаттауға бағытталғанын, сонымен қатар, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмдер топтамасы түрік және ағылшын тіліне аударылып, шетелдік телеарналарда көрсетілетінін айтты. Осындай халықаралық жобалардың бірінде ұлы композитор  Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арнайы Венгрия, Башқұртстан, Германия, Бурятия, Қырғызстан, Украина, Ресей, Армения, Болгария, Қазақстан елдерінің өнер шеберлерінің орындауындағы «Қуаныш вальсі» әніне түсірілген клип әлеуметтік желідегі ең көп таралған челендж клип болғандығын жеткізді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: №3 қалалық емханада коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді[:]

Tue Sep 15 , 2020
Бүгін Шымкент қалалық №3 емханасында коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында емханаға келіп түскен шақырту қабылданды. Шақырту түскеннен кейін науқастың үйіне дәрігерлер мен фельдшерлер барып, оның хал-жағдайын толыққанды тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Тексеру кезінде науқасқа қосымша диагностикалық көмек керек болғандықтан «Медикер» орталығына апарып, компьютерлік томографияға түсірді. Осы орайда […]