Басты міндет – елге қызмет!

Қайырлы күн құрметті тыңдаушылар,

Құрметті сайлаушылар!

Алдымен өзімді таныстырып өтейін, есімім Данабек Ержанұлы Исабеков, 1983 жылы дүниеге келгенмін!

Еңбек жолын мемлекеттік қызметтерді көрсету мен халыққа қызмет көрсету саласына арнап келемін, осы жолда алған тәжірибе мен білімімді,  туған өлкемнің өзекті мәселелерін шешуге жұмсағым келеді.

Менің кандидатурам таңдалған жағдайда, алдағы қызметімнің басымдығы ретінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында  іске асыруды жоспарлап отырмын.

Заманауи мегаполис ретінде Шымкент қаласы да өзінің экономикалық салаларын цифрлы форматқа ауыстырып «ақылды қалаға» айналуы керек.

Менің сайлауалды бағдарламам нақты 4 бағыттан тұрады.

  1. Бірінші бағыт –қаламызда бизнестің дамуына үлес қосу

– жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға ауқымды шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ету.

–  білім саласында – «Мектеперге бейнебақылау камераларын орнату», мұғалімдердің жағдайын жасау, жалақыларын көтеру, тұрғын үй мәселерін шешу, жалпы мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

– денсаулық сақтау саласында – «103» жедел жәрдем қызметін жаңғырту», «Медициналық кешенді ақпараттық жүйесін» қолданысқа беру; «Ақылды көше жарықшамдары», «109» жедел әрекет етуге мониторинг қызметі» мен «Қаланың геоақпараттық жүйесін» енгізу.

Қазіргі таңда  тұрғындардың үштен бір бөлігін жастар құрайды.  Жастар ақпаратпен толық қамтылған, креативті. Жастарға қолдау көрсетіп Жас отбасы бағдарламаларын іске қосып  тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу, жұмыспен қамтуға көмектесу, Жас кәсіпкер жобаларын іске асыруға ат салысу.

  1. Екінші бағыт – электронды қызмет түрлерін дамыту.

– Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапалы және бекітілген мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуына ықпал ету.

– тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.

– «Қоғамдық көлікте электронды билет жүйесін енгізу», «Ақылды автотұрақ» жобаларын іске асыру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында «Бірыңғай әлеуметтік ID- картасын енгізу» жобасын қолға алу.

  1. Үшінші бағыт – «Қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру.

 – учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеруге ықпал ету, шағынаудандар мен тұрғын алаптарда патрульдік полиция қызметінің тәулік бойы қызмет атқаруына бақылауды күшейту, қаланың 4 ауданындағы полиция басқармаларында «бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистердің ашылуына ықпал ету.

– көшелер мен тұрғын үй аулаларының аумақтарын жарықтандыруды қамтамасыз ету, «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесін орнату, жалпы білім беретін мектептерде ішкі бейнебақылау камераларын орнату мәселелеріне қосымша қаражат бөлінуіне ықпал ету.

– мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимараттары сыртындағы әжетханаларды түпкілікті жабу, ғимарат ішіндегі әжетханаларды жабдықтау мәселесін қолға алу.

  1. Төртінші бағыт – Шымкент қаласы Абай ауданындағы өзекті мәселелерді шешу.

Бұл бағытта төмендегі жұмыстарды атқаратын боламын:

– тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу; барлық шағын аудандар мен тұрғын үй аумақтарында жарықтандыру құралдары мен бейнебақылау жүйелерін орнату; балалар ойын алаңдары мен спорт алаңшаларын салу, тренажерлер мен демалыс орындарын орнату;

– тұрғындарды электр энергиясымен, газбен, ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуін, тұрмыстық қалдықтардың уақтылы тазалануын қадағалау.

– ауданның өзекті әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге атсалысу. Оның ішінде Бадам өзені табанын тазалау, жағалауларын бекіту, өзен арнасынан құм, тас алуға тыйым салу,

-Қарасу, Құрсай, Ынтымақ, Жаңаталап шағынаудандары тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтылуын жолға қою, Қызылжар, Ынтымақ аудандарындағы ауыз су бойынша жобаларды іске асыру,

Сайлауалды бағдарламамда қамтылған әрбір міндет, орындалады деп нақты айта аламын және Сіздерге берген уәдемді орындауға бар күш-қайратымды, өмірлік тәжірибемді жұмсаймын.

Барлық праймеризге қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Дұрыс таңдау жасап дауыс беруге баршаңызды шақырамын! Әрқайсыңыздың даусыңыз еліміздің саяси өмірін өзгерте алатынына сенімдімін!

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында мақта терім науқаны басталды[:]

Fri Sep 18 , 2020
Түркістан облысында 125,8 мың гектар жерге егілген мақта дақылынан 331 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Облыста мақта өсірумен 25 мыңнан астам шаруа айналысады және егістік жерлер мақта өсіруге бейімделіп, шаруалар озық тәжірибе қолдану нәтижесінде мол өнімге қол жеткізуде. Қазіргі таңда Жетісай, Мақтаарал аудандары  мен  Кентау қаласында мақта терім науқаны […]