Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға «төмен бағамен көлік әперемін» деп уәде берген алаяқты ұстады

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар, яғни екі жәбірленуші арызданды. Арызданушылардың айтуынша олардың ортақ танысы Ресей мемлекетінен «ВАЗ» маркалы автөкөлікті төмен бағада әкеліп беремін деп алдаған. Тұрғындардың әбден сеніміне кіріп, әрқайсысынан 100 000 теңгеден астам ақша алған. Алайда, таныстары не көлік әкеліп бермеген, не ақшаларын қайтармаған.Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 250 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Мақтаарал ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер 1 тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсті. Осылайша жедел уәкілдер күдіктіні Алматы қаласынан ұстап, Мақтаарал АПБ-не жеткізді.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын

анықтауда. Оған қоса ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыыстарға қатыстылығы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуге кеңес береді. Алдын ала ешкімге телефон арқылы ақша салмаңыздар. Алаяқтардың арбауына ермеңіздер. Егер, сіз осындай алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі[:]

Tue Sep 22 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада бейне үндеу жасады. Аталған шара коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта өтті. Мемлекет басшысы өз сөзін БҰҰ бұрынғы Бас Хатшысы Даг Хаммаршельдтің: «Біріккен Ұлттар Ұйымы бізді жұмаққа жеткізу үшін емес, тозақтан құтқару үшін құрылған» деген қанатты […]